Мембасқару академиясы келешекте бүкіләлемдік білім беру бағдарламасы негізінде оқыта бастайды

АСТАНА. 26 сәМемлекеттік басқару академиясы білім беру бағдарламасын халықаралық стандарттарға негіздеп, академияда білім алушылар болашақта бүкіләлемдік білім беру бағдарламасы негізінде оқытылмақ.Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты ғалымдар, докторанттар және магистранттар арасында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов айтты.

Оның сөзінше, Мемлекеттік басқару академиясы үлкен жаңғыртуларды бастан өткеріп отыр. Бұл ретте аталмыш білім ордасында білім беру ісінің мазмұны да құрылымы да өзгеріп отырғандығын айта кету керек. «Біз қазір бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтауға таяумыз. Әлемдегі барлық басқару мектептерінің тәжірибелерін зерттедік. Олардың арасында ең үздік деген және өзіміз үшін ең ыңғайлы дегенін таңдап алдық. Қазір өзіміздің білім беру бағдарламаларымыздың үлгісін  дайындауды аяқтауға таяумыз. Бұл әрине үлкен жұмыс және ол бізден үлкен күш-жігерді қажет етеді. Мен барлығымыз бірлесіп, осы міндетті талапқа сай атқарамыз деген ойдамын»,-деді академия ректоры.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе