Түркістан облысында 53 мың бала бірінші сыныпқа барады – тамыз кеңесі

Бүгін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында «Адами капиталды дамытудың көзі ретінде қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында Түркістан облысы педагогтарының тамыз кеңесі өтті, деп .

Конференцияның мақсаты –білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістер мен өзекті мәселелерді, оның шешу жолдарын қарап, тәрбие мен білім сапасын көтеру сияқты басты міндетті талқылау. Сондай-ақ еліміздегі мектеп оқушыларына сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау, білім деңгейін көтеру, мамандар әлеуетін арттыру,  білім мазмұнын жаңарту, қазақстандық білім беру жүйесінің даму стратегиясын айқындау.Кеңеске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, облыстық мәслихат депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі, аудан-қала әкімдері, аудандық-қалалық білім бөлімдерінің басшылары, педагогтар, қоғамдық ұйым басшылары, ата-аналар, комитеттер төрағалары мен БАҚ өкілдеріқатысты. Жиында алғы сөзді алған облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевөткен оқу жылындағы жетістіктер мен нәтижелерді атап өтті.Сондай-ақ тамыз кеңесінде облысымыздың үздік педагогтары мен ардагерұстаздарға «Алтынсарин» және «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгілері, ҚР Білім және мылым министрінің және Түркістан облысы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.Түркістан облысында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту96,5% құрап, жыл соңына дейін 100% жеткізу міндеті тұр. 2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 24513түлек бітірсе, 9-сыныпты 38 мың бала аяқтап, оның 10 мыңға жуығы колледждерге оқуға түсті. Ал биыл 1-сыныпқа53 мың оқушы келеді деп күтілуде. Жыл сайын оқушы санының өсуіне байланысты 2018-2025 жылдарға дейін облысқа жаңа 184мектеп салу жоспарланған болатын.Биыл68 білім нысанының құрылысына23,5 млрд теңге бөлініп, жыл соңына дейін 22 нысанның құрылысыпайдалануға беріледі. Қалған 46 білім ошағы 2020 жылы іске қосылмақ.  Жаңа оқу жылынан бастап, үш жаңа пәндер енгізіледі. Атап айтқанда, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Кескін және жобалау», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері оқытыла бастайды, жаңа бағдарламаға сәйкес 9-сыныптарға «Құқық негіздері» пәні енгізіліп отыр.«Биыл жаңартылған мазмұнға 4, 9, 10-сыныптар өтеді, ал11-сыныптардың келесі жылы өтуіне байланысты республиканың 30 мектебінде апробация жүргізіледі. Оқушылардың білім деңгейін көтеру мақсатында өткен жылы екі ауданның оқушыларына білім деңгейлеріне эксперимент жасалған. Нәтижесінде, олар жоғары көрсеткішке ие болды. Осындай аса күрделі әрі көлемді эксперимент елімізде бірінші рет өткізілді.Жастарымыздың бойындағы адами қасиеті мен сапалы білімі Түркістан өңірінің дамуының түп қазығы екенін ескере отырып, тәжірибе жөнінде өңірде ұйымдастырылды. Соның арқасында облысымызда білім саласында жеткен жетістіктер саны артты», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе