Жыл сайын Қазақстанның ішкі істер органында 13 мыңға тарта тәрбиесі нашар бала есепте тұрады - ІІМ

АСТАНА. 20 сәЖыл сайын Қазақстанның ішкі істер органында 13 мыңға тарта тәрбиесі нашар бала есепте тұрады.Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті  отырысы барысында мәлім болды.

Ішкі істер министрлігінің келтірген мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылы балалар мен жасөспірімдердің тарапынан жасалған 4092 қылмыс тіркелген. 2010 жылы бұл көрсеткіш 3988-ді құраған болатын. Сонымен қатар, қазір елімізде 11-18 жас аралығындағы тәрбиесі мен мінезі қиын балаларды әлеуметтік бейімдеу, оқытуға арналған 10 арнаулы білім беру ұйымдары жұмыс істейді. «Оның екеуі Шығыс Қазақстан облысында болса, соның біреуі қатаң режимде ұстауға жатады. Бұдан бөлек, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласында осындай балалар ұйымдары ұмыс істеп тұр»,- дейді жиын барысында баяндама жасаған  Білім және ғылым вице-министрі Махметқалы Сарыбеков. Оның айтуныша, аталған мекемелерде тәрбиеленушілердің шамамен 77 пайызы үлгісіз отбасыдан шыққан болса, 13 айызы жетімдер үйлерінің тәрбиеленушілері.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе