Атырауда коворкинг орталығы ашылды

Атырауда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен балаларға арналған коворкинг орталығы ашылды, деп тілшісі.«Бұл орталық 1 маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында ашылып отыр. Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы базасында бой көтерген орталық «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Коворкинг орталығы кітапханаға келген әр жанұяның сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде. Орталық замануи үлгіде жабдықталған. Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалған», - дейді саяси ұйымның облыстық филиалының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.

Өңірге танымал қолөнер шебері Қалима Айбекова орталықта аптасына бір рет шеберлік сабағын өткізуді жоспарлап отыр.

«Нұр Отан» партиясының бұл ерекше жобасын толықтай қолдаймын. Бұл рухани азықтан алыстап бара жатқан өскелең ұрпақты кітап оқуға баулудың таптырмас жолы», - дейді ол.

Кітапханаларда жастарға арналған қызықты лекциялар ұйымдастырылып, пікірталас алаңдары және тағы басқа игі бастамалар қызмет ететін болады. Ал ата-аналарымен келген балалар үшін тоғызқұмалақ, шахмат, қызықты логикалық ойындар, шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Айта кету керек, жаңа партиялық жоба отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды, яғни бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейді.

3 мыңнан астам кітап қоры бар кітапханада ашылған коворкинг орталығы дүйсенбіден - жексенбіге дейін демалыссыз, сағат 9.00-ден 18.30-ге жұмыс жасайтын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе