Астанада 7 мыңнан астам студент сұранысқа ие емес мамандықтарда оқытылуда - елорда әкімдігі

Қазіргі кезде Астанадағы жоғары оқу орындарында 7 мыңнан астам студент еңбек нарығында сұранысқа ие емес  мамандықтарда оқытылуда. Бұл туралы бүгін жұмыспен қамту мәселесі бойынша Астана форумында қала әкімінің орынбасары Аида Балаева мәлім етті.«Өкінішке қарай, бүгінде біздің сараптамалық мәліметтерге сәйкес, 5-7 мыңнан астам студент еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандықтар бойынша оқытылуда. Бұл ахуал өңірлерден көші-қонның есебінен тереңдей түсуі мүмкін. Себебі, өңірдегі жастар Астанаға көшуге талпынып, осында жұмысқа орналасып, өзінің өмірін елордамен байланыстырғысы келеді», - деді әкімнің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, айрықша профицитті мамандықтар ретінде заңгерлік және экономикалық кәсіптер тіркелуде. Қазіргі кезде 10 мыңнан астам жастар дәл осы мамандықтар бойынша жұмыс таба алмай жүр.

«Егер қазірден бастап жоғары оқу орындарында факультеттер оңтайландырылмаса, онда бұл көрсеткіш жыл сайын арта түседі. Осы орайда бүгінде Білім және ғылым министрлігі тарапынан басталған жұмыстар  қуантып отыр», - деді А. Балаева.

Оның сөзіне қарағанда, елордада кәсіби бейімделу жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде. «Бүгінде мемлекеттік құрылыс-техникалық колледжі базасында ресурстық технологиялық орталық құрылуда. Осы орталықта біз сабақтас екі немесе одан да көп мамандықты игеретін  әмбебаптарды даярлауды жоспарлаудамыз. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табады», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе