Қазақстандық ғалым Б.Есімов ИСЕСКО-ның 2012 жылға арналған ғылым және технологиялар саласындағы сыйлығымен марапатталды

АСТАНА. 19 Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам Ұйымының (ИСЕСКО)  2012 жылға арналған ғылым және технологиялар саласындағы сыйлығымен М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің силикаттық технологиялар және минералдық синтез кафедрасының профессоры Беген Есімов марапатталды.Бұл туралы Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының хатшылығы хабарлады.

Аталған сыйлық ИСЕСКО мүше-мемлекеттердің  биология, химия, геология, математика, физика және технологиялар салаларына инновациялық үлес қосқан үшін ғалымдар мен ғылыми зерттеушілерге беріледі. Сыйлыққа кіретін марапаттау сертификаты, алтын белгі және 5000 АҚШ доллар көлеміндегі ақшалай сыйлығы бар.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі ИСЕСКО Мүше-мемлекеттердің Білім және ғылым министрлерінің алтыншы конференциясының шеңберінде өтеді (2012 жылғы 20-21 қараша, Хартум қаласы, Судан).

Беген Омарұлы Есімов - ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.

Профессор Б.Есімов 400-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде 70 авторлық куәлігі және патенттері, 3 монография мен 8 оқу-әдістемелік құралдары бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе