Белгілі ғалым, баспагер Ғ.Әнес филология ғылымдарының докторы атағын иеленді

ОРАЛ. 25 Белгілі ғалым, Алматыдағы «Арыс» баспасының директоры, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Ғарифолла Әнес филология ғылымдарының докторы атағын иеленді.Ғалым докторлық диссертациясын 2010 жылы 20 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект» деген тақырыпта қорғаған болатын.

Ғ.Әнес саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорына  жиырма жылға жуық уақыт бойы басшылық етіп келеді. Аталмыш қор мен баспа осы мерзім ішінде жазықсыз жазаланып, ел жадынан өше бастаған біртуар қайраткерлердің, ақын-жазушылардың, өнер адамдарының мұрасын жинастырып, кітап етіп шығарды. Баспадан сондай-ақ көптеген облыс, аудан энциклопедиялары, әдеби шығармалар, сөздіктер жарық көрді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе