Қазақстанда Қытайдың алдыңғы қатарлы агротехнологиясын көрсететін алаң ашылады

Қазақстанда Қытайдың алдыңғы қатарлы агротехнологиясын көрсететін алаң ашылады. Бұл жайында бүгін «Жібек жолының ғылыми инновациясы және ауыл шаруашылығы білімі альянсының» 2-ші отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп .«Таяуда ғана «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» акционерлік қоғамымыз ҚХР-дің ең ірі жоғары технологиялар аймақтарының бірімен Қазақстан аумағында Қытайдың алдыңғы қатарлы агротехнологияларын көрсететін алаң құру туралы келісімге қол қойды», - деді ол.

Сонымен қатар бірінші вице-министр С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қытайлық әріптестерімен ынтымақтастық мәселелеріне де тоқталды.

«ҚазАТУ базасында ҚХР-дің ғылыми ұйымдарымен және университеттерімен бірлескен отырыстардың негізгі бөлігі өтеді. 2011 жылдан бері университет бірлескен жобалар аясында Қытайдан инфрақұрылымды дамытуға және кадрлық қаматмасыз етуге 500 млн. теңгеден астам мөлшерде инвестиция тартты. Ботаникалық бақтың негізі қаланып, ауыл шаруашылығын механикаландыру орталығы құрылды. Екі елдің 80-нен астам оқытушылары өзара тағлымдамадан өтті. Күні кеше ғана Ақмола облысының Целиноград ауданындағы ҚазАТУ-дың далалық жұмыстарға арналған кампусында заманауи суғару құрылғысы іске қосылды. Осылайша, 30 гектар аумақта құрғақ жағдайда картоп егу техологиясы бойынша заманауи стационар құру аяқталды», - деді Қайрат Айтуғанов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе