Шымкентте ағымдағы жылы 4 жаңа мектеп ашылған

– Шымкент қаласында ағымдағы жылы бюджеттен 15 мектептің құрылысын жүргізу үшін 7,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 9 мектептің құрылысы Республикалық бюджет есебінен салынуда, деп тілшісі.

Қалалық Білім басқармасының бөлім басшысы Серік Бабақұловтың мәліметінше, 9 мектеп құрылысының жалпы құны 6,5 млрд​ теңгені құрайды. Ағымдағы жылы аталған мектептердің ішінде 4 жаңа мектеп пен 1 қосымша құрылыс пайдалануға беріліп, қалған білім ошақтарының құрылысы келісімшартқа сәйкес 2020 жылға өтпелі қалып отыр. Қазіргі таңда құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың қатарында Тұран шағын ауданында 1200 орындық, Самал-3 шағын ауданында​ 1200 орынға арналған екі бірдей мектеп бар. Ал Асар-2 шағын ауданында 1200 орындық, Абдулабад тұрғын алабында №101 мектеп корпусы жанынан да 300 орындық жаңа нысан құрылысы жүруде. Сонымен бірге Тұран шағын ауданынан 1200 орындық №63 мектептің қосымша ғимаратының құрылысы жүруде. Бұған қоса биылғы жылы жергілікті бюджеттен 264 млн тенге қаржы қаралып, 121 мектептің ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе