Д.Назарбаева Берлинде «Болашақ» стипендиясы иегерлерімен кездесті

29 қаңтарда Берлинде ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары - Қазақстан кандидатурасын  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің арнайы өкілі Дариға Назарбаева «Болашақ» мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. Бұл туралы ГФР-дағы ҚР елшілігінен хабарлады.

Сұхбат бейресми түрде өтіп, соның барысында Д.Назарбаева болашақ мамандарды Қазақстандағы өзекті жастар саясатының көрнісі, еңбек нарығы және жас мамандар үшін мемлекетік қолдау шаралары туралы хабардар етті. Кездесу кезінде Елбасы дайындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тұрғысынан біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық және рухани түрлену үдерісіндегі болашақ ұрпақтың рөлі ерекше орын алды.

Өз кезегінде, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар Германияның жоғары үздік оқу орындарында білім алуға жол ашқан мемлекетке  алғыстарын айтып, алған білімді Отанға қызмет етуге пайдаланатындықтарын білдірді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе