ЖОО студенттеріне ұлттық тәрбие беру мәселесі талқыланады

АЛМАТЫ. 24 сәАлматыда 25 сәуір күні «Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие беру мәселелері» деген тақырыпта пікірталас клубының мәжілісі өтеді.Ұлттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәселелері туралы бұл шараға Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің  ректоры Серік Пірәлиев, Ақтөбе мемлекеттік  педагогикалық университетінің профессоры Амангелді Айталы, Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Сақыпжамал  Ұзақбаева, әйгілі жазушылар Дулат Исабеков,  Герольд Бельгер және басқа да зиялы қауым өкілдері қатыспақ.

«Ұлттық» деген сөздің астарында елге, жерге, тілге, дінге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде университетте білім алып жатқан жастарымыз үшін атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім ошақтарында ұлттық құндылықтарымызбен жетілдірудің маңызы ерекше.  Біз ұлттық тәрбие пәнін, кафедрасын университетімізге енгізу арқылы жастардың ұлтжанды, парасатты болатынына сенеміз», - дейді Абай атындағы қазақ ұлттық университеті баспа орталығының бас маманы Әлия Асмағұлова.

Оның айтуынша, ұлттық тәрбие туралы бұл оқу орнында арнайы кафедра ашылып, арнайы пән енгізілген. Бірақ бұл тәжірибе әзірге өзге оқу орындарында толықтай өз жалғасын тауып жатқан жоқ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе