«Қазақ күресі» мектептерде пән ретінде енгізілуі мүмкін

Бұл туралы Маңғыстау облыстық «Қоғамдық коммуникация орталығында» өткен брифингте ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов мәлім етті, деп .

«Жас өспірімдер арасында осы Қазақ күресінен біріншіліктің алғаш рет Ақтау қаласында өтуі, оған қолдау тапқаны қуантады. Өйткені, жылдан жылға ата-аналар тарапынан қазақ күресіне деген қызығушылық артып келеді. Осыған орай, жаңа оқу жылынан бастап осы спорт түрін мектептерде пән ретінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Алдымен, Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысында пилоттық жоба ретінде іске асырылады. Бағдарламасы әзірленіп, мамандар даярлау барысы қолға алынды», - деді ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдаулет Сәбитов. Осы бағытта жылдың соңына дейін Қазақ күресі академиясы құрылып, мамандар дайындау жұмыстары жүргізілмек. 1-4 сыныптарға қазақ күресінен акробатика ретінде, ал 5-11 сынып оқушылары арасында арнайы пән ретінде өткізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қыз балалар да осы спорт түрімен айналысуға мүмкіндіктер жасалған. -«Осындай беделді жарыстарды өлкемізде өткізу арқылы қазақ күресінің облысымызда қарқынды дамуына ерекше екпін береміз», - дейді ұйымдастырушылар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе