Ақтау мектептерінде оқушылардың ата аналарының ұялы телефонына SMS күнделік жіберу жүйесі енгізіле бастады

АҚТАУ. Қарашаның 6/Анаргүл Төлегенова/ - Ақтау мектептерінде оқушылардың ата аналарының ұялы телефонына SMS күнделік жіберу жүйесі енгізіле бастады,деп тілшісі.

Оқу орындарының сапасын арттыру мақсатында тәжірибеге енгізілген бағдарламаға қазір 20-дан астам мектеп қосылған.

Бұл баланың сабаққа қатысу үлгерімі мен алған бағаларын, тәртібі мен басқа  да шағымдарын ата -аналарға  дер кезінде жеткізіп, құлағдар етіп отыру үшін қолайлы болып отыр.

Мектептерде интернет жүйесі арқылы бағдарламаға  қатысуға ниет білдірген ата -аналардың ұялы телефондары жазылып алынады.

Арнайы оператор сынып жетекшілерінен  сынып журналын алып, ондағы бағаларды SMS күнделік арқылы ата -аналарға күн сайын жіберіп отырады.

Бұл жаңалықты ұстаздар мен ата -аналар қолдап отыр. Алайда оның бір кемшілігі ата-аналардың мектеп жиналысына қатысуы сиреп кетуі мүмкін дейді мектеп мұғалімдері.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе