Сианьда ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдығына марапат табыстау рәсімі өтті

Қытайдағы Қазақстандық студенттер қауымдастығының Сиань бөлімшесі (KSAC) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай ҚХР Шэньси провинциясы Сиань қаласында мерекелік концерт өткізді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.Іс-шара 17 желтоқсанда 150 қазақстандық студенттің қатысуымен өтті.

KSAC-тың атынан Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай және қазақстандық студенттердің өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін Қытайдағы ҚР елшілігі консулдық бөлімінің меңгерушісі Болат Сырлыбаев, Сиань көлік университеті Жібек жолының Экономикалық белдеуі Инновациялық орталығы жанындағы Орталық Азия құқық ғылыми орталығының директоры София Ушурова, сондай-ақ қазіргі уақытта Сиань шет тілдер университетінде қазақ тілі кафедрасында жұмыс істейтін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы Гүлайым Оспанқұлова марапатталды.

Кеште оңтүстіккореялық әнші Tak Joo Yoo «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Республикалық және халықаралық фестивальдердің лауреаты Нұрбол Садықов «Аққу» күйін шертіп, «Попурри» орындады.

«Біздің еліміз әлемдік деңгейде жоғары беделге ие болды. Студенттеріміз  елімізді мақтан тұтып, бірлік пен ынтымаққа ұмтылғандарын қалаймыз. Біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісім нығая берсін», - деді KSAC Сиань бөлімшесінің төрайымы Нұргүл қа берген сұхбатында

Еске салайық, Қытайдың Бейжің, Шанхай, Үрімжі, Сиань және басқа да қалаларында Қазақстанның Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты ауқымды шаралар өтіп жатыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе