Резидентура мамандықтарына грант дәрігерлерге сұранысқа қарай бөлінді

– ҚР Денсаулық сақтау министрлігі маман тапшылығын жою үшін резидентурға мемлекеттік грант бөлу тәсілін өзгертті. Бұл туралы аталған ведомстводан мәлім болды, деп . «Биыл

қалалар мен ауылдардағы медициналық кадрларға деген сұранысқа қарай 18 мамандық іріктеп алынды.

Осы мамандықтар бойынша 2019-2020 оқу жылында резидентураға мемлекеттік грант

бөлу жоспарлануда. Биылдан бастап резидентура мамандықтарының тізімі денсаулық

сақтау жүйесінің және тұрғындардың

қажеттілігіне қарай жасалады», - делінген министрлік мәліметінде. Мәселен,

резидентурада «Отбасылық медицина» деген жаңа мамандық ашылды. Міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) енгізілгеннен кейін, Медициналық-санитариялық

алғашқы көмек (МСАК )жүйесі бойынша кәсіпаралық команданың орнын отбасылық

дәрігер алмастыруы тиіс. Бұл мамандардың міндеті мен жалақысына да әсер етеді.

Отбасылық дәрігер кез келген жастағы және кез келген пациентке жедел, сапалы

медициналық көмек көрсетеді.Алдағы екі

жылда резидент-түлектердің есебінен бірқатар мамандықтарға

(акушерлік-гинекология, пульмонология, офтальмология, отоларингология,

кардиология, кардиохирургия, нейрохирургия, спорттық медицина, аллергология,

гематология) деген тапшылық жойылады деп жоспарлануда.Әлемде

резидентура білімі - тәжірибеге негізделген. Сондықтан резидентурадағы оқу

көбіне аурухана, емханада өтеді. Осыған байланысты резидентураға дайындықтың

форматы жаңартылды. Енді оқу тікелей жұмыс орнында өтеді. Түлектердің

болашақ қызмет ететін жерін алдын ала белгілеп, бірден жұмысқа орналасуына

кепілдік беру жоспарлануда. Резидентураға түскен адам оқу орны және Денсаулық

сақтау басқармасымен үш жақты шарт жасауы тиіс.Резидентура

бойынша мемлекеттік грант бөлудің жаңа әдістемесі сапалы кадр дайындауға әсер

етеді. Сондай-ақ, резидентті жұмысқа орналастыру мәселесі де шешіледі. Ал

мемлекеттік білім грантының конкурстық іріктеуінен өтпеген түлектер өңірлердегі

жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша резидентураға түсе алады. Бұл

шаралар ауыл мен қаладағы кадр

тапшылығын жоюға, мемлекеттік грантпен оқығандардың кемінде 3

жыл ауылда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Естеріңізге

сала кетейік, медицина кадрларын жоспарлау және резидентураға мемлекеттік білім

грантын бөлу ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне кіреді. 2016 жылдан

бастап жыл сайын резидентураға мемлекеттік тапсырыс бойынша 1500 орын бөлінеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе