Алматыдағы республикалық тәжірибелік конференцияда діни білім беруді жетілдіру мәселелері талқылануда (ФОТО)

Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Діни білім тұтастығы - діни тұрақтылық кепілі» атты республикалық тәжірибелік конференция басталды.«Нұр Мүбәрак» университетінде өтіп жатқан бұл шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы, «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры, профессор, доктор Жуда Абдулғани Басюни, дін істері комитетінің басшылары, медреселердің директорларды, діни сауат ашу курстарының ұстаздары, дінтанушы-ғалымдар, имамдар, медресе шәкірттері қатысуда.

«Бүгінгі конференцияда медреселерді колледж деңгейіне көтеру, діни білім беруді жетілдіру, имамдардың біліктілігін арттыру, жастарды жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру мәселелері талқыланады. Осы конференцияның соңында «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы» атты тұңғыш рет тарихи құжат қабылданайын деп отыр. Бұл Тұжырымдама имамдарымызға, ұстаздарымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 751 мешітте сауат ашу курстары жүргізіліп жатыр. Биылғы жылдың өзінде оларда 48 мың адам білім алып шықты.  Өздеріңіз білесіздер, кезінде мынау жастарымыздың түрлі радикалды топтарға кетуі өзіміздің дәстүрлі дінімізді тереңірек түсінбегеннің салдарынан орын алды деп айтуға болады. Осы мақсатта жастарымызға дәстүрлі дінімізді үйретуде бұл Тұжырымдаманың маңызы зор деп айтуға болады», - деді өз сөзінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айта кетелік, Тұжырымдама - діни білім беру жүйесі бойынша бағыт-бағдарымызды айқындайтын басты стратегиялық құжат болмақ. Тұжырымдаманы қабылдаудағы басты мақсат - жастарға, жалпы жұртшылыққа толыққанды, сапалы, бәсекеге қабілетті діни білімді, зайырлы біліммен қоса, ұлттық құндылықтарымызбен сабақтастыра отырып түсіндіру және оны жетілдіру. Сондай-ақ, жастарды діни экстремизм мен радикалды ағымдардан сақтандыру.

Конференция жұмысы одан әрі жалғасуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе