Б. Жұмағұлов Еуропа мемлекеттерінің білім министрлерімен екіжақты кездесулер өткізді

АСТАНА. 23 Францияда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Еуропа кеңесінің демократия бойынша бас директораты ұйымдастырған Болон процесінің қатысушы мемлекеттерінің Білім және ғылым Министрлерінің II-кездесуіне қатысты. Бұл жайында аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.Кездесуге еуропалық білім беру кеңістігінің 40-тан астам мемлекеттерінің министрлері, сондай-ақ демократия мәселелері бойынша бас директоры Снежана Самарджич-Маркович, Еуропа Кеңесінің жоғары білім бойынша сарапшылары қатысты.Кездесу барысында Министр Б.Жұмағұлов Қазақстандық ұлттық біліктілік жүйесімен таныстырды.

Қазіргі таңда Қазақстан Болон декларациясына енген жас мемлекет бола отырып, ұлттық біліктілік жүйесін қабылдаған 27 мемлекеттің қатарына енді.

Қазақстандық Ұлттық біліктілік жүйесі Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға Бірдей Еңбек Қоғамына жиырма қадам» мақаласында берілген тапсырмаларына сәйкес әзірленген. Бұл білікті еңбек нарығындағы - білім беру жүйесінің, мамандардың, бизнестің өзара қарым-қатынастарын түбегейлі өзгертуі тиіс жүйелі әрі нақты қадам. Осы құжатты қабылдаған сәттен Қазақстанда мамандардың біліктілігін растау мен біліктілік берудің жаңа жүйесі қалыптасатын болады.

Сапар барысында қазақстандық білім беру ведомствосының басшысы Еуропа мемлекеттерінің білім және ғылым министрлерімен екіжақты кездесулер өткізіп, күн энергетикасы Орталығы мен Страсбург Университетін аралады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе