Ақтауда «Үздік аудармашы» байқауы өтті

АҚТАУ. 30 Бұл байқау Ақтау қаласында жыл сайын дәстүрге айналған. Бұл жолы да қаладағы мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындардың қызметкерлері арасында болған жарысқа 6 маман қатысты.  Олар ресми құжаттарды аудару, көркем аударма, жаңа терминдер әлемі, ілеспе аударма талаптары бойынша өз бақтарын сынады.

 «Байқауды ұйымдастырудағы мақсат - мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін аудармашылардың білім деңгейін анықтап, аударма сапасын көтеру. Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын қамтамасыз ететін мамандарды анықтау. Қатысушылардың қатарын толықтыру үшін мекеме басшылары көбірек көңіл бөлсе екен деген тілегіміз де бар. Соңғы кездері нұсқалық аудармадан гөрі, баламалық аудармаға мән берілуде. Бұл мамандардан шығармашылық ізденісті талап етеді»,- дейді аталмыш байқауды ұйымдастырушы «Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» бастығы Аманбек Ахметов.

  Байқауға қатысушылар ресми құжаттарды аударуда жақсы нәтиже көрсетсе, ілеспе аудармада қиналғандары байқалды. Онан кейін аудармашылар көркем шығарма және жаңа терминдерді тауып айтуда  шеберліктерін байқасты.

 Нәтижесінде бірінші орын және «Үздік аудармашы» атағын Ақтау халықаралық теңіз сауда портының қызметкерлер құрамымен жұмыс жөніндегі бөлімнің маманы Дәурен Құрақов иеленді.

 ІІ орынды «Қаражанбасмұнай» АҚ ағылшын тілі аудармашысы Назира Нысанова иеленді.

 ІII орынды № 17 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бахыт Құлмағамбетова мен Ақтау халықаралық теңіз сауда портының мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бөлімнің маманы Майра Жолдыбаева өзара бөлісті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе