Ақтөбелік оқушыларды мектепке дайындауға 150 миллион теңге жұмсалды

Ақтөбеде «Мектепке жол» акциясы аясында 21 мыңнан астам балаға оқу құралдары мен киімдер сатып алынды. Қайырымдылық акциясы кезінде 150 миллион теңге жұмсалды, деп тілшісі.  «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына киім мен оқу құралдары сатып алынды. Биыл ақтөбеліктер ерекше белсенді болды. Мәселен, облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы 1 күндік жалақысын бөліп, 5,5 миллион теңгені жетім балалар мен оқушыларға берді. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың үлесі басым.

«Орта есеппен әр балаға 7 мың теңге бөлініп, көмек берілді. Жыл өткен сайын акция аясында қайырымдылық іс жасайтын адамдар саны артып келеді. Кейбір ақтөбелік әлеуметтік желі арқылы хабарын біліп, әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасылардың тізімін сұрап, арнайы көмек көрсетті. Мәселен, Роман Киреев үндеу тастап, 1,3 миллион теңге жинады. Балалар үшін арнайы мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды»,- деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Бертілеуова.

«Мектепке жол» акциясының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы Алматы, Астана қалалары мен Жамбыл облысынан кейінгі төртінші орында тұр. Ақтөбе облыстық білім басқармасы қайырымдылық акциясын жыл бойы жалғастырады. Бүгін балаларды мектепке дайындау кезінде белсенділік көрсеткен облыстық ІІД, «Трансэнерго» АҚ, «Қызыл Ай» қоғамы мен кәсіпкер Роман Киреевке алғыс хат берілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе