Біздің қоғамға әлеуметтік болжам керек - академик Әбдімәлік Нысанбаев

АЛМАТЫ. 7 Философияның негізгі қызметтерінің бірі - болжау.Бұл пікір бүгін Алматыда өтіп жатқан «Өзара түсінісу философиясы - қазақстандық қоғамның рухани келісімінің негізі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде  білдірілді.  ҚР Философия және саясаттану институты  ұйымдастырған бұл шара ҚР еңбек сіңірген қайраткер Әбдімәлік Нысанбаевтың дүниеге келгеніне 75 жыл толуына және ғылыми қызметінің 50 жылдығына арналды.

«Біз қай жерде қандай қиыншылықтар болатынын болжап отыруымыз керек. Бұл қоғамға өте қажет. Қазір біз әлеуметтік жаңартулар жасаудамыз.  Инновациялық даму типі де философияның өзекті мәселелерінің бірі. Сана өзгермей ештеңе өзгермейді. Ал сана дегеніміз құндылықтар жүйесі», - дейді мерейтой иесі, ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымының докторы Ә.Нысанбаев.

Конференция барысында отандық философия мен саясаттанудың  басым міндеттері,  қазіргі қазақстандық қоғам үшін өзара түсінісу философиясы мен салыстырмалы зерттеулердің маңызы, Қазақ философиялық ойы - қазақ руханиятының рационалдық моделінің негізі, саясаттану мен дінтану саласындағы ғылыми зерттеулер тақырыптары жан-жақты талқыға түспек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе