Петропавлда ІІМ Әскери институтының 140 курсанты әскери ант қабылдады

ПЕТРОПАВЛ. 11 Петропавлда   ІІМ ІӘ Әскери институтының 140 курсанты әскери ант қабылдады.Антты салтанатты түрде қабылдау дәстүр бойынша институт алаңында өтті. Курсанттарды өмірлеріндегі атаулы күнмен құттықтау үшін туыстары мен жақындары, достары келді.

Аймақ басшысы Серік Біләловтың атынан оларды облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов,  ҚР ІІМ ІӘ-гі Әскери институтының бастығы, полковник Жұмабек Ахметов құттықтады.

Көптеген балалар осында оқуды армандауда. Мұнда үш мамандық бойынша білім беріледі. Ал төрт жылдан кейін ЖОО-ны табысты бітіргендерге лейтенант әскери атағы беріліп, ел аймақтарына қызметке жіберіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе