«Назарбаев Университеті» және Беркли зертханасы плазмалық физика саласындағы жобаны іске қосады

АСТАНА.  24  «Назарбаев Университеті» және АҚШ-тың Беркли зертханасымен ынтымақтастықта  плазмалық физика саласындағы жобаны жүзеге асыруды жоспарлауда,деп хабарлады Беркли Зертханасының үдеткіш және термоядролық зерттеулер бөлімінің директоры Стивен Герли Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Назарбаев Университетімен» ынтымақтасу шеңберінде біз  плазмалық физика және органикалық фотовольтаик саласындағы    2 жобаны іске асыруды жоспарлаудамыз, біз үшін бұл жобалар өте маңызды, себебі  «Назарбаев Университетінде» де біздің зертханадағыдай, осы бағыттарға қызығушылық танытатын ғалымдар бар», - деді С.Герли.

Плазмалық физика саласындағы жоба өндірістің қосымша қуатының құрылысын салуды және университет базасында бөлшектерді тездеткіштерді құруды талап етеді деді ол.

Спикердің айтуынша, ғылыми жобалар баламалы энергетиканы дамытуға және жасыл энергияны құруға бағытталған.

«Органикалық фотовольтаиктер саласындағы жобалар - бұл серпінді сипаттағы жобалар, себебі бір жағынан олар көптеген елдер үшін көкейкесті мәселе болып отырған энергия жетіспеушілігі мәселелерін қозғайды, екінші жағынан жасыл энергияны дамытуды да қозғайды», - деп жалғады ол сөзін.

Бүгінгі күні аталған жобалар бойынша жобалық тапсырыстар дайындалып, қарауға берілген, мақұлданғаннан кейін оларды жүзеге асыруға кірісу мүмкін болуы ықтимал.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе