2013 жылы үш колледж «Кәсіпқор» холдингінің серіктестік желісіне енеді

АСТАНА. 29 Қазақстанда кәсіби-техникалық білім беруді (КТБ) ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін тарату мақсатында үш өңірлік мемлекеттік колледж «Кәсіпқор» холдингінің серіктесі болады,

деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты холдинг басшысы Аян Манасоваға сілтеме жасап.

«Біздің холдинг, әлемдік деңгейдегі колледждер құрудан өзге, халықаралық тәжірибені өңірлік басқа КБО-на таратумен де айналысады. Келесі жылы біз Білім министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп біздің серіктесіміз болып, институциональды түрде  дамитын үш  колледжді анықтаймыз», - деді А.Манасова.

Ол кәсіби техникалық білім беру мекемелері желісін құру мақсатында Астана және Алматы қалаларында 2014 жылы пайдалануға берілетін әлемдік деңгейдегі колледждер салынып жатқанын хабарлады. Колледждердің жұмыс істеу негізі ретінде көпсалалы мектептердің жүйесі алынатын болады.

Осылайша, жаңа колледждерде инжиниринг, сәулет және ТКШ, ақпараттық және коммуникациялық технология, дизайн және жобалау, энергетика, туризм және қонай үй бизнесінің жеке мектептері, пәнаралық мектептер, сондай-ақ инновация орталықтары мен бизнес-мектептер болады.

Бүгінгі күні  Атарау қаласындағы мұнай-газ саласы мамандарын даярлау жөніндегі Өңіраралық  тренигтік орталық іске қосылып, студенттер қабылдауда.

«Бірінші кезеңнің өзінде  180 ізденуші тестілеуден өтті, олар физика, химия, математика және ағылшын тілі сияқты базалық тестілеуден өтіп келгендер. Тест қорытындылары орталықтың стратегиялық серіктесі әрі мұнай-газ саласы бойынша білім берудің әлемдік көшбасшысы болып табылатын   SAIT Polytechnic-ғы  біздің серіктестермізге тексеруге жіберілді», - деп хабарлады Аяна Манасова.

«Кәсіпқор» холдингі  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  қаулысымен,  әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру және дамыту, еңбек нарығының техникалық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында,  бәсекеге қабілетті жоғары сыныпты кәсіпқорларды даярлау үшін және елдің инновациялық дамуы  үшін құрылған.

«Кәсіпқор» желісіне Астана, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларының 4 колледжі,  Атырау, Өскемен, Екібастұз және Шымкент қалаларының 4 өңіраралық орталықтары, сондай-ақ техникалық және кәсіби білім берудің мемлекеттік ұйымдары қатарынан 9 серіктестік колледж кіреді деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе