Оңтүстік Қазақстандағы 55 жетім бала жоғары білімді тегін алады

ШЫМКЕНТ. 7 Оңтүстік Қазақстан облысындағы 55 жетім бала жоғары білімді тегін алады.Дәстүр бойынша Астананың туған күнін мерекелеу күндері биылғы жылы мектеп бітірген жетім балаларға Оңтүстік Қазақстан облысының ЖОО-да білім алу гранттарын ОҚО-ның әкімі Асқар Мырзахметов табыс етті.

Аймақ басшысы балаларға ақ жол тіледі. «Бұл мүмкіндікті Қазақстанның лайықты азаматтары болу және оның гүлденуіне үлестеріңізді қосу үшін пайдаланатындарыңызға сенімдімін», - деді А.Мырзахметов.

Балалардың тегін білім алу гранттарын облыстың бірнеше ЖОО-лары бөлді. Соның ішінде А.Йассауи және М.Әуезов атындағы университеттер бар.

Биыл мектепті ата-ана қамқорлығынсыз қалған 290 жетім бала тәмамдады. Олардың 175-і колледждерде білім алса, 11 бала оқуды кәсіби лицейлерде жалғастырады. 22 адам мектеп бітірісімен еңбек етуді жөн көріп, ОҚО-ның кәсіпорындарына жұмысқа орналасты. Ал 27 бала Қазақстанның басқа облыстарындағы ЖОО-на түсу шешімін қабылдады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе