Астаналық студенттер Шымкенттегі пәндік олимпиададан олжалы оралды

АСТАНА. 4 сәШымкент қаласының М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығы бойынша IV Республикалық пәндік олимпиада өтті.Олимпиадаға республиканың 9 жоғары оқу орны қатысты.

Білім додасына Астанадан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің делегациясы қатысты. «Маркетинг және сервис» кафедрасының аға оқытушысы Жанар Үсенованың жетекшілігімен «Әлеуметтік-мәдени сервис» мамандығының 2 курс студенттері Әсел Әбленова, Умида Ғаббасова, Әсемгүл Мұқышева мен Александра Милушевалар білімдерін жоғары дәрежеде көрсете алды.

Студенттік олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Оның біріншісінде қатысушылар «Сервис инфрақұрылымы», «Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис технологиясы», «Сервис менеджменті» пәндері бойынша 300 сұрақтан тұратын тестіге жауап беріп, қабілеттері мен теориялық білімдерін көрсетті. ІІ кезеңде әрбір қатысушысы қызмет көрсету саласының бір бағытында дайындалған өзінің жобасын ұсынды. Олимпиада нәтижесі бойынша С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері жүлделі 2-інші орынды иеленді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе