Балалардың демалысын ұйымдастыруға жеткілікті көңіл бөлінсін - ҚР Премьер-Министрі

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев балалар демалысын ұйымдастыруға жеткілікті деңгейде көңіл бөлуді барлық әкімдерге тапсырды, деп тілшісі.«Барлық өңірде балалардың демалысын ұйымдастыруға жеткілікті көңіл бөлінсін. Әкімдер, Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болсын. Бұл өте күрделі мәселе. Министр де былтырғы маусымда қанша баланың суға кеткенін айтып өтті. Сонымен қатар балалар лагерьлерінің жұмысына қоғамдық мониторингті күшейту қажет. Ерлан Кенжеғалиұлы әкімдіктермен бірге бұл шаруаны қадағалауыңызды сұраймын», - деді Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрі Сағадиевке қарата.

Үкімет отырында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі бойынша баяндама жасаған Ерлан Сағадиевтің дерегінше, биыл 2 млн 815 мың 1-10 сынып оқушыларының 2 млн 600 мыңы немесе 92 пайызы лагерьлерде демалатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе