Қарағанды мемлекеттік университетінде танымал химия ғалымы М.Мұхаметжанов атындағы дәрісхана ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. 29 Бүгін Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде  табиғи қосылыстар химиясы саласында танымал ғалым, ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марат Мұхаметжанов атындағы дәрісхананың ашылуы болып өтті.Бұл оқиға химия және химиялық технология бойынша екінші халықаралық қазақстандық-ресейлік конференцияға орайластырылды, деп атап өтеді ұйымдастырушылар. Салтанатты рәсімге химия ғалымдары, қоғам өкілдері, М.Мұхаметжановтың туыстары қатысты.

М.Мұхаметжанов ҚарМУ-дің органикалық химия кафедрасының доценті болған. ҚазКСР ғылым академиясы химия-металлургия институтының гербицидтер химиясы зертханасына басшылық еткен. М.Мұхаметжанов халықаралық дәрежеде мойындалған табиғи қоспалар химиясы саласындағы ғылыми мектептің негізін қалаушы болып табылады. ҚР Президентінің 2007 жылғы Жарлығы бойынша Қазақстанның ғылымын дамытуындағы сіңірген еңбегі үшін М.Мұхаметжановқа (қайтыс болғаннан кейін). ғылым және техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығы  берілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе