Шиелі ауданында жаңа мектеп ашылды - Қызылорда облысы

Шиелі ауданы Майлытоғай ауылында 150 орындық жаңа білім ошағы пайдалануға берілді. Еліміздің Тәуелсіздік мерекесі және алдағы келе жатқан жаңа жылмен тұспа-тұс келген Майлытоғай ауылдық округіндегі  жаңа білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сай, елімізде білім беру саласын дамытып-өркендетуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Үш ауысымда білім беретін мектептер жойылды. Қазір 30 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Апаттық деп танылған 25 мектептің 14-нің құрылысы  жыл соңына аяқталып, қалған 11 мектепті 2015 жылы іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз»,- деді аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев.

Майлытоғайдағы бұрынғы мектептің ғимараты ескі, жағдайы нашар болатын. Бүгінгі пайдалануға берілген жаңа мектеп ғимараты мұғалімдер қауымы үшін, оқушылар мен ата-аналар үшін үлкен қуаныш болды.

Айта кетейік, өткен жылы Шиелі ауданының өзінде 4 жаңа білім ордасы, 25 жеке балабақша пайдалануға берілді. Ал биыл Шиелі ауданында 3 жаңа білім ордасы пайдалануға берілсе, Талаптан ауылдық округінде 900 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде, келер жылы тағы 2 мектептің құрылысы басталмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе