Батыс Қазақстан мектептеріне 171 жас маман келді

ОРАЛ. 28 Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 411 мектепте 85136 оқушы білім алатын болса, соның 9200-і 1-сыныпқа бармақ.Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бала санының сәйкес келмеуіне орай 6 бастауыш мектеп жабылады деп болжамдануда (олардағы жалпы бала саны -  24).

2012 жылы облыс бойынша 647653 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кешендерге тапсырыс беріліп, бұл жұмыстарға 376 млн. 774 мың теңге (2011 жылы - 315,2 млн.теңге.) бөлінді. Қазіргі танда берілген тапсырыс аудандарға тегіс жеткізілді. Облыс бойынша оқушылар толықтай оқулықпен қамтылады.

Қазіргі таңда 171 жас маман облыстағы білім беру мекемелеріне қабылданды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында шетел инвестициясы арқылы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылынан 230 орындық,  республикалық бюджет қаржысы есебінен Оралда 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталды. Сондай-ақ 2011 жылы шетел инвестициясы есебінен құрылысы басталған 4 мектеп ғимараты 2012 жылы тапсырылмақ. Атап айтқанда, Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында 198 орындық, Теректі ауданы Көнеккеткен ауылында 198 орындық, Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылында 108 орындық, Орал қаласында 1200 орындық мектептер. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен Жәнібек ауданы Қамысты ауылында 300 орындық мектеп құрылысы 2012 жылы басталып, оны 2013 жылы аяқтау жоспарлануда. Өңірде 699 млн. 626 мың теңгеге 9 мектеп күрделі жөнделді. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 401 мектепке 32,6 млн. теңге қаралған болатын, 389 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды, 12 мектепте жөндеу жұмыстары біте келді.

Білім саласы бойынша барлық нысандар жаңа оқу жылына дайын. Жоспар бойынша 2012-2013 жаңа оқу жылына білім саласы бойынша 11706 тонна қатты, 4119 тонна сұйық отын қажет. Аудан әкімшілігі және аудандық білім беру бөлімі арқылы қатты және сұйық отынға 477 млн.теңгеге келісімшарт жасалды.

Облыста бес жыл қатарынан мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» шарасы өткізіліп келеді. Оған бизнес нысандары, үкіметтік емес ұйымдар және мемлекеттік органдар тартылуда. Акцияның алғашқы 10 күнінде 1637 оқушыға 5 млн. 951,9 мың теңгеге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен 1027 оқушыға 4 млн. 595,8 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Акция барысында 1 қыркүйекке дейін әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың барлық балаларына киім, аяқкиім, оқулықтар, оқу құралдары, мектеп-жазу құралдары алынып берілуде.

Өткен оқу жылында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларының 14820-сына (99,2 пайыз) тегін ыстық тамақ ұйымдастырылса, алдағы уақытта да осындай санаттағы оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе