Алматылық түлектердің қосымша Сорбонна Университетінің дипломын алатын шақ та алыс емес

Әлемнің жетекші оқу орындарының бірі Сорбонна Университеті Алматыда болашақта француз тілінде дәріс беретін бірнеше факультеттер, мектеп мен мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін ашпақ.Бұл туралы қала әкімімен кездесу барысында Сорбонна Университетінің ректоры Жан-Ива Мериндоль айты.«Біз Абай атындағы ҚазҰПУ-мен арада өзара серіктестік қарым-қатынас орнағанына қуаныштымыз. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап сіздің қалада менеджмент және халықаралық байланыс бойынша екі магистрлік мамандық ашылады. Алматы мен Сорбонна жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық пен байланыс одан әрі дамиды деп сенемін», - деді Жан-Ив Мериндоль.

Аталған магистрлік мамандықты тәмамдаған түлектер Абай атындағы ҚазҰПУ мен Сорбонна университетінің дипломдарын алатын болады.

«Алматы - Қазақстанның ірі білім орталығы болып табылады. Республикадағы әрбір үшінші студент Алматыда білім алуда. Әрі биылғы жыл Алматыда Білім жылы болып жарияланған болатын. Сондықтан Алматыда Сорбонна университеті филиалының ашылуы сияқты маңызды іс екі жақты байланысты одан әрі нығайтатынына сенімдіміз», - деді қала әкімі А.Есімов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе