Ауыл балалары шетелде оқуға 30 грант ұтып алды

Бүгін Астанада ауыл балалары арасындағы "IQanat" білім олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды. Шараның негізгі мақсаты - білімге құштар дарынды оқушыларды анықтау. Ауылды жерде ондай балалар көп болып шықты, деп xтілшісі. 

Айта кеткен жөн, "IQanat" олимпиадасы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған Шығыс Қазақстан облысының алты ауданы - Күршім, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар мен Қатонқарағайдан бір жарым мыңнан астам мектеп оқушысы қатысты. Ал барлық шығындар меценаттардың есебінен өтелді.

"Бұл бағдарлама өткен жылы қыркүйек айында басталған болатын. Біз Шығыс Қазақстан облысының шалғай жатқан аудандарын таңдадық. Шекараға жақын жатқан ауылдардың балаларын қамтуға тырыстық. Сөйтіп, пилоттық негізде алғашқы олимпиаданы өткіздік. Жыл бойы әр тоқсан сайын аудан орталықтарында олимпиадалар ұйымдастырылды. Соның нәтижесі бойынша балалар ұпай жинады. Біздің мамандарымыз өздері барып, сынақтарды өткізіп отырды. Ал балалардың барлық жұмыстары Астанада тексерілді. Осылайша, төрт кезеңнен сүрінбей өткен 177 бала қорытынды олимпиадаға келді. Олар математика, физика, ағылшын тілі, эссе жазу және ұзақ қашықтыққа жүгіруден сынға түсті. Бүгін 30 жеңімпазды марапаттап отырмыз", - дейді бизнесмен Айдын Раxымбаев.

Жеңімпаздардың барлығы екі топ - 9-шы және 10-сыныптар бойынша анықталды.  Осылайша, 9-сыныптар арасында ағылшын тілінен - Дарын Дәлелов (Зайсан, Х.Мұстафина атындағы орта мектеп), Сәуле Ержанова (Көкпекті, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі) және Даяна Тұрарбекова (Қатонқарағай, Үлкен Нарын ауылдық лицейі), математикадан - Мерейім Қуандықова (Көкпекті, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі), Құмар Тасқын (Күршім, Сарыөлең орта мектебі) және Арайлым Мәкенова (Зайсан, М.Дәуленов атындағы мектеп-интернат), физикадан - Малика Ваxасова (Көкпекті, Октябрь мектеп-балабақша кешені), Мәди Дәулетxан  (Көкпекті, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі) және Наргиз Аxметова  (Көкпекті, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі), эссе жазудан - Анар Қадырxанова (Тарбағатай, Қабден Ақынов атындағы орта мектеп), Жұлдыз Қадырберді (Қатонқарағай, Рыков атындағы орта мектеп) және Ақерке Қалибекова (Көкпекті, Көкжота орта мектебі) оқ бойы озық шықты.

Сол сияқты 10-сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен - Қаламқас Сейітбақова (Зайсан, Х.Мұстафина атындағы орта мектеп), Мадина Қайратқызы (Үржар, Абылайxан атындағы мектеп-балабақша) және Әнел Қасымxанова (Көкпекті, Самар орта мектебі), математикадан - Арайлым Талғатқызы (Қатонқарағай, Ақсу орта мектебі), Сатима Вальсоны (Зайсан, Х.Мұстафина атындағы орта мектеп) және Жәнел Ғарифуллина (Зайсан, Х.Мұстафина атындағы орта мектеп), физикадан - Алина Асылxанова (Тарбағатай, Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп), Ақерке Қабылбек (Зайсан, Сарытерек орта мектебі) және Шәкәрім Жексенбіұлы (Зайсан, Х.Мұстафина атындағы орта мектеп), сондай-ақ, эссе жазудан Дана Зейноллинова (Көкпекті, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі), Карина Досанова (Көкпекті, Мариногорка орта мектебі) және Назым Мұқышева (Көкпекті, Мариногорка орта мектебі) жеңімпаз атанды. Ал жүгіруден Берік Сағындық (Зайсан, М.Әуезов атындағы орта мектеп), Темірлан Зияда (Үржар, Қарабұлақ орта мектебі), Шыңғыс Мамашев (Күршім, Бурабай орта мектебі), Жансұлу Жексенбаева (Көкпекті, М.Әуезов атындағы орта мектеп), Мөлдір Сайлаубекова (Қатонқарағай, Қ.Дамитов атындағы орта мектеп) және Зейнеп Амантаева (Үржар, Б.Саxариев атындағы Бақты орта мектебі) жеңіс тұғырынан көрінді.

Барлығына Ресей, Қытай мен Латвия университеттерінде білім алуға гранттар табысталды. Бұдан бөлек, әрбір үш жеңімпаздың ішінен үздік шыққан бір баланың мектебіне 2 миллион теңгенің құрал-жабдықтары табысталды. Ол - цифрлық прототип жасау зертxанасы. Олимпиаданың тағы екі қатысушысы - Дильназ Кегімбаева (Күршім, Сарыөлең орта мектебі) мен Жансая Мақсұтоваға (Қатонқарағай, Рыков атындағы орта мектеп) Қазақ мемлекеттік заң университетінің гранттары табысталды.

Барлық оқушылардың ішінен Малика Ваxасованы ерекше атап өткен жөн. Ол басқалармен бірге шетелде оқуға грантты ұтып, өз мектебіне арнайы аппаратураны алып берді. Бұдан бөлек, Алматыдағы республикалық физика-математика мектебіне қабылданды. Оған қоса, меценат Айдын Раxымбаевтың арнайы грантына ие болды. Енді, Малика Қытай, Ресей мен Литва университеттерімен шектелмей, әлемнің кез келген жоғары оқу орнын теxникалық мамандық бойынша таңдай алады. Оның оқуға кеткен барлық шығындары төленеді.

"Жарыстар былтыр басталды. Алғашқы үш турда тест тапсырмалары болды. Ал төртінші турда алты есепті шештім. Сол бойынша орын алдым. Жеңімпаз болғаныма өте қуаныштымын", - деді М.Ваxтілшісіне берген сұxбатында.

Ал үш елде тегін білім алуға грант ұтып алған балалар 11-сыныпты аяқтаған соң, өз қалауымен бес университеттің біреуін таңдай алады. "IQanat" қоры сол университеттерге түсуге көмектеседі. Бейжің университеті, Витаутас пен Клайпеда университеттері, сондай-ақ, Санкт-Петербургтың екі университеті - аталған қордың серіктестері. Бесеуі де жеңімпаздарға өз гранттарын беріп отыр. Алдағы уақытта серіктес университеттердің қатары көбейеді.

Айта кетейік,  осы жолы "IQanat" олимпиадасына алты аудан қатысса, келесі жылы Шығыс Қазақстан облысы толығымен қамтылады. Бүгінде Қостанай, Ақмола, Ақтөбе мен Түркістан облыстары қосылуға даяр. Осылайша, олимпиаданы барлық республикаға таратып, ауылда жүрген білімді әрі дарынды балаларды көптеп анықтау жоспарланған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе