Шымкенттің оқушыларына ерлік пен патриотизм туралы сабақ өткізілді

Қазақстан қорғаныс министрінің Шымкент гарнизонына жұмыс сапары аясында М.Х. Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияда ерлік пен патриотизм жөнінде сабақ өткізілді, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сабақ барысында 9-11 сынып оқушылары заманауи қазақстандық армия, әскери қызмет пен әскери қызметшінің мамандығы туралы ақпаратқа қанық болды. Жоғары сынып оқушыларына министр патриотизмнің мағынасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің техникалық жабдықталуы мен жетістіктерін айтты. Сонымен қатар көрнекі және қарапайым практикалық мысалдар келтірді. Балалар бейресми әңгіме барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Министр жастарға бүкіл қайрат пен күш-жігерді алға қойған мақсатқа жету үшін жұмсауды, уақытты бағалап, оны тиімді пайдалануға, өздерінің мұғалімдеріне құрмет көрсетуге шақырды. Сонымен бірге әр адамның білімге деген құштарлығы, тың ойлары мен мінезі осы жас кезде қалыптасатынын атап өтті. Мұндай сабақтар қазақстандық оқушылармен тұрақты және жиі өткізіледі. Жас ұрпаққа осындай форматтағы әңгімелесу мен ашық диалог ұнайды. Әскерилер тәжибелі мамандар ретінде өздерінің білімдерімен бөліссе, ал өскелең ұрпақ мектеп қабырғасынан бастап патриот болумен қатар, Отан алдындағы өздерінің жауапкершіліктері мен міндеттерін түсінуге үйренеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе