«Болашақтықтар» Шанхайда футболдан өткен студенттік чемпионатта бірінші орын алды (ФОТО)

ҚХР-дың Шанхай қаласында «Болашақ» кубогының жыл сайынғы футболдан халықаралық чемпионаты өтті. Биылғы жарыс Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.Жарысты ҚР БҒМ  Азия және Океаниядағы «Халықаралық бағдарламалар орталығының» өкілдігі мен Қытайдағы қазақ студенттері ассоциациясының Шанхайдағы бөлімі (KSAC) ұйымдастырды.

Чемпионатқа Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан елдерінен келген 11 студенттік команда және жергілікті қазақ диаспорасы қатысты.  

Ашылу рәсімі кезінде KSAC белсенділері мерекелік концерт қойды.

«Болашақ» Кубогы ойындарының нәтижесі бойынша Шанхай шет тілдері университетінде оқып жүрген қазақ студенттерінен құралған «Альбатрос» командасы жеңіске жетті. Екінші орынды Түркіменстан студенттерінен құралған «Бедев» командасы, ал үшінші орынды Шығыс Қытай ғылым және технология университетінің қазақстандық студенттерінің «Легион» командасы алды.

«Үздік ойыншы» номинациясына Тунцзи университетінің команда шабуылшысы, қазақстандық студент Темірхан Әділ ие болды. «Үздік қорғаушы» түркіменстандық Ағажан Ниязбердиев атанса, «Үздік қақпашы» деген атаққа қазақстандық Әлібек Шәмшиднов лайық деп танылды.

Барлық жеңімпаздар «Болашақ» кубогымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара аясында Қазақстаннан келген студенттер мұқтаж жандарға көмек қолын созу мақсатында  «Игі іс жасауға асық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе