6 ЖОО-ға 60 мамандық бойынша жаңа лицензия берілмеді

АСТАНА. 13 сәЕліміздің 6 жоғары оқу орнына 60 мамандық бойынша лицензия берілген жоқ.«ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің сайтында сараптама қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 6 жоғары оқу орнына 60 мамандық бойынша лицензия беруден бас тартылуы туралы ақпарат орналастырылды», - делінген ҚР БҒМ ресми сайтында.

Аталған жоғары оқу орындардың арасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы, «Болашақ» университеті бар.

Берілген ақпараттағы мәліметтер жоғары оқу орындарын білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген мемлекеттік лицензиядан айыру туралы болып отырған жоқ. Бұл тұрғыда жоғары оқу орындарының лицензиялауға ұсынылған құжаттарының лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты оларға жаңа мамандықтар бойынша лицензия берілмегені туралы айтылып отыр.«Қазіргі кезде жоғары оқу орындары бұрын лицензия алған мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуде. Ал мемлекеттік лицензияға қосымша алмайынша оқу орны жаңа мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізе алмайды», - делінген бұл мәліметтерде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе