Астанада Шыңжаңдағы ең ірі мемлекеттік госпитальдың орталығы ашылуы мүмкін

АСТАНА. 11 Астанада «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ мен Қытай Шыңжаң медициналық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Қытай Шыңжаң медициналық университетінің проректоры, профессор Ли Биньнің айтуынша, Қазақстанның медициналық мекемелерімен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен және ауруханаларымен меморандумдар бұрыннан бар. Олар «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ-мен жасалған жаңа келісімге негіз болды. Меморандум «Ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ мен Қытай Шыңжаң медициналық университеті жанындағы №1-інші госпитальдың арасында жасалды.

Меморандумның мақсаты екі медициналық мекеме арасында телекөпір орнату болып табылады. Ол арқылы науқастарға диагностика жасау және диагноз қою, ота жасау және бірлескен кеңестер өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар меморандум түрлі сырқаттар бойынша науқастарды Қазақстаннан Қытайға және керісінше, Қытайдан Қазақстанға емдеуге жіберіп отыруды қарастырады.

№1-інші госпитальдың бас дәрігері, профессор Хао Вэнь, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың техникалық жарақтандырылуы мен мамандардың біліктілігін жоғары бағалап отыр. Оның айтуынша, телекөпір арқылы бірлесіп жұмыс істеу үшін Орталықта барлық мүмкіндіктер жасалған. Қазақстандық тараптың бастамасымен жасалған меморандумды келесі аптадан бастап-ақ жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Меморандум аясында сонымен бірге, серіктес елге мамандарды жіберіп отыру арқылы тәжірибе алмасу, Қытай тарапы бөлетін ғылыми гранттар бойынша бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізу көзделген.  

Қытай делегациясы Қазақстанға сапары барысында сондай- ақ, Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды. Олар Басқарма төрағасының ғылым, халықаралық байланыстар және инвестициялар жөніндегі проректоры Лаура Садықовамен кездесіп, ветеринарлық медицина факультетінің мамандарымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниеттерін білдірді. Ал аталмыш университет жанында жұмыс істейтін Қазақ-қытай білім және ғылым орталығында қытай тілін меңгеріп жүрген және медицина саласында жұмыс істеуге қызығушылығы бар студенттерге Қытай Шыңжаң медициналық университетінде білім алуға гранттар бөлуге даярлықтарын жеткізді.

Қытайлық делегация қазақстандық ғалымдарды Қытай Шыңжаң медициналық университеті жанындағы №1-інші госпитальда ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін адам жасушаларын зерттеу бойынша және серіктес өзге елдердің медициналық орталықтарымен телекөпірлерді дамытуға арналған халықаралық ғылыми конференцияға, сондай-ақ осы жылдың шілде айында Қытай Шыңжаң медициналық университетінің қабырғасында мал мен адамдарда ортақ кездесетін сырқаттарды зерттеуге қатысты өтетін халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырды.

Қытай Шыңжаң медициналық университеті жанындағы №1-інші госпиталь аталмыш университетке қарасты 6 аурухананың ең ірісі. 3 мың төсекорынға арналған госпиталь Шыңжаңдағы жалпы ең ірі медициналық мекеме болып табылады. Қаржыландыру толығымен ел бюджетінен жүзеге асырылады. Екі ел үкіметінің арасында тиісті келісімдер жасалғаннан кейін, Астанада аталмыш аурухананың орталығы ашылады деп күтілуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе