Оралда батыс өңірдегі әскери бөлімдер командирлері бас қосты

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517-әскери бөлім базасында еліміздің батыс өңіріндегі әскери бөлімдер командирлері мен олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының екі күндік оқу-әдістемелік жиыны өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жиынға барлығы 15 сардар қатысып, дайындық деңгейлерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.

«Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиевтің басшылығымен өңірлік қолбасшылық басқармасының сардарлары дәрістер беріп, қатысушылардың білім деңгейін тексерді. Ұлттық ұлан жауынгерлері бейбіт кезеңде де толық әскери дайындықта болуы тиіс. Сондықтан жиын кезінде командирлердің аса қауіпті қылмыскерлерді іздестіру мен ұстау бойынша арнайы операциялар жүргізу  бағытында шешім қабылдау мен жоспарлауына байланысты біліктіліктері жетілдірілді.  Сондай-ақ «Сұңқар» оқу полигонында сардарлар атыс қаруын қолдану мен дене дайындықтары бойынша сынға түсті.

Биылғы бірінші жартыжылдықтағы әскери қызметтің қорытындылары  шығарылып, Ақтөбе қаласындағы 6655-әскери бөлімі бірінші, Ақтаудағы 6656-әскери бөлімі екінші, Атыраудағы 5546-әскери бөлімі үшінші орынға ие болып, дипломдармен марапатталды.

Жиын «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери кеңесінің кеңейтілген мәжілісімен түйінделіп, оған қатысқан ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - бас штаб бастығы, генерал-майор Бейбіт Ашкаров жеке құрам алдында тұрған міндеттерді, кадрлардың кәсіби шеберлігін ұдайы жетілдіру қажеттігін атап көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе