Алматыда тәрбие үдерісінің жаңашылдығы туралы әдістемелік семинар өтеді

АЛМАТЫ. 28 Алматыда 29 мамырда «Қазақстанның қоғамдық-әлеуметтік даму жағдайында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі тәрбие үдерісінің жаңашылдығы» деп аталатын әдістемелік семинар өтеді.Оған Алматыдағы  жетекші жоғары оқу орындарының   ғалым-ұстаздары  қатысады. Семинарда  тәрбие  үдерісінің жаңашыл бағыттары,  оларды жүзеге асырудың тиімді  жолдары,  қазіргі қоғам талаптарына сай әлеуметтік белсенді, толық кемелденген, зияткерлік әлеуеті жоғары тұлғаны қалыптастырудың алғышарттары, жоғары оқу орнындағы тәрбие жұмысының басымдылықтары, жастар тәрбиесіндегі қоғамның рөлі, зияткер ұлтты қалыптастырудың негізі  сияқты мәселелер  қаралмақ.      

«Жастар тәрбиесі қоғам үшін әрқашан да өзекті. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі ретінде ұғыну қажет. Таным мен шығармашылыққа үйрету - қазіргі білім берудің негізгі бағыты. Оның табысы жеке адамның өсу дәрежесіне байланысты - азаматтық ұстаным, құқықтық сауаттылық, жан-жақты және көшбасшылық қасиеттерді дамыту, мамандық пен өнерде өзін-өзі табу сияқты қасиеттер», - дейді университеттің баспа орталығының қызметкері Әлия Асмағұлова. Оның айтуынша,  педагогикалық жоғары оқу орны ректорының  тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы бұл шараны арнайы ұйымдастырып отыр. Өйткені кәсіби білім беру, студенттерді дамыту мен тәрбиелеуге қатысты. Студент-жастар өз заманының ең дамыған бөлігі ретінде ертең-ақ қоғамның алдыңғы қатарлы  күші болады. Мақсат - жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандарды жоғары оқу орнында тәрбиелеу және даму заңдылықтарын айқын жүргізу».
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе