Ағымдағы жылы Павлодар облысының мектепалды мекемесінде 1,5 мың орын құрылады

ПАВЛОДАР. 18 Павлодар облысында жылдың соңында мектепалды мекемелерінде 1,5 мың орын құрылатын болады, деп хабарланды білім басқармасынан.Бұрынғы 12 мектепалды мекемелерді қайта жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ Павлодарда 320 орынға арналған жаңа балабақша пайдалануға беріледі.

 Өткен жылы өңірдегі мектепалды мекемелердің желісі 375-тен 403-ке дейін өсті, бұл өз алдына 4 мың бүлдіршінге балабақшалар мен шағын орталықтарға жолдама беруге мүмкіндік берді. Бүгінгі күні 2-6 жас аралығындағы балалардың 81 пайызы облыста орналасқан мектепалды мекемесіне барады. Өңірде орындалып жатқан «Балапан» бағдарламасын уақытынан бұрын аяқтау жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе