Алматы облысында ауқымды шығармалар конкурсы өтті

Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасы Алматы облысының мектеп оқушылары мен студенттерін шығармалар конкурсында бақтарын сынауға ұйтқы болды. Шараны Алматы облыстық білім басқармасы ұйымдастырды.«Туған жер» атты шығармашылық бәсеке 9-11 сыныптағы мектеп оқушылары мен арнайы, техникалық білім беру орындарының суденттері арасында өтті. Байқау аясында 25 мың оқушы мен 90 студент өздерінің Отаны туралы көзқарас, пікірлерімен бөлісті.

Аталмыш байқаудың қорытындылары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы облыстық білім басқармасына қарасты инновациялар мен жаңа технологиялар бөлімінің бас маманы Руслан Арысланов хабардар етті.

«Өз Отанын сүйетін әрбір адам оның тарихы туралы білуге тырысар хақ. Осы мақсатпен біз облыста тұңғыш рет «Рухани жаңғыру» аясында шығармалар байқауын ұйымдастырдық. Біз ауданнан бастап, 25 мыңнан астам шығармаларды қабылдап, олардың тек 150-і ғана мәреге жетті. Байқаудың жеңімпаздарын біздің басқармамыздың өкілдерінен құрылған арнайы комиссия іріктеді. Үздіктердің қатарында 9 сынып оқушылары арасынан талдықорғандық Зейнолла Расул 1-ші орынды, Ескелді ауданынан Төлеутай Аяулым 2-ші орынды, Балқаш ауданынан Дана Асқарқызы 3-ші орынды алды. Сондай-ақ Текеліден Таир Сұлтанбек те үздіктердің қатарынан көрінді. 11 сынып оқушылары арасынан 1-ші орынды талдықорғандық Мағжан Оспан, 2-ші орынды Кербұлақ ауданынан Бегімай Мұхаметжан, 3-ші орынды Панфилов ауданынан Сейсенғали Арайлым жеңіп алды. Бұл байқау бірінші рет ұйымдастырылып отыр, соған қарамастан біз оның ауқымдылығына таң қалып отырмыз. Сол себепті келер жылы аталған байқаудың қорытындысы негізінде үздік шығармалар жинағын шығаруды жоспарлап отырмыз»,-деді Р.Арысланов.

Колледж студенттері арасындағы шығармаларға да орындар берілді. Байқауға қатысушылардың барлығына құнды сыйлықтар мен энциклопедия, димпломдар табыс етілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе