Мектепке жол акциясы: 2 миллионнан астам балаға көмек көрсетілді

Қазақстанда дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталады, деп .«ҚР Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясын өткізілетіндігін жариялайды. Ведомствоның әлеуметтік бағыттағы бастамасы бүкіл республика бойынша 2018 жылғы 1 тамызбен 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету», - деп атап өтілген министрлік хабарламасында.

Акция барысында мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сондай-ақ мектепке дайындау бағытында әлеуметтік қорғалмаған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсетуге басты назар аударылады.

Акция өткізілген он жылдың ішінде 2 миллионнан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд теңгеден астам материалдық көмек көрсетілді. Демеушілер мен меценаттар жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеден астам қаржылық қолдау жасады. Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және акционерлік қоғамдар жыл сайын акцияға белсенді қатысады.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарын, бизнесмендерді, меценаттарды акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуге шақырады», - делінген ведомство мәліметінде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе