Елордада жыл сайынғы «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді

10 қаңтар - 10 ақпан аралығында Астанада «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді, деп хабарлады astana.kz. Мақсаты - тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балалардың басқа санаттарына әлеуметтік көмек көрсету.Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, акцияның басты міндеттерінің бірі - оқушылардың сабаққа бармауының себебін анықтау, материалдық жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін іс-шараларды қолдану, қоғамды аз қамсыздандырылған және тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметті жүзеге асыру. Акция аясында келесідей іс-шаралар өткізіледі:1) тұрмысы төмен отбасыларды, қараусыз және бақылаусыз жүрген балаларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 2) мектеп жасындағы балалардың себепсіз мектепке бармау жағдайларын анықтау үшін білім беру ұйымдарының өкілдері, медицина қызметкерлері, ата-аналар, ішкі істер органдары, ПИК өкілдері енген жұмыс тобының қызметін белсендіру;3) халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балаларға материалдық көмек көрсету бойынша іс-шаралар, соның ішінде жалпыға міндетті оқу қорынан;4) мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерінен, меценаттар және демеушілерден тұрмысы төмен отбасыларға қамқоршыларды бекіту. Өткен жылы «Қамқорлық» акциясы аясында 23 913 269 теңге жиналды және әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсетілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе