Қазақстан 2030 жылға қарай мүгедек балалардың 70 пайызын инклюзивті білім берумен қамтымақ

Қазақстан 2030 жылға қарай мүгедек балалардың 70 пайызын инклюзивті білім берумен қамтымақ. Бұл туралы бүгін «Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және интеграциялаудың оңалту технологиялары мен инновациялары» халықаралық конференциясы барысында БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел айтты.«Ең бірінші кезекте мүгедек балалардың жалпы білім беру үрдісіне қосылу проблемасын шешіп, олардың оқшаулануына жол бермеу қажет. Бұл ретте инклюзивті білім беру барлығы үшін де теңқұқылы ашық қоғам құрудың негізі саналады. Инклюзивті мектепте білім алған бала кішкентай кезінен-ақ ерекше қажеттілікпен балалар құқығын құрметтейтін болады», - деді ол.

Сонымен қатар ол мүгедек балалардың сапалы білім алу, инклюзивті білімге қол жетімділігі оның болашақта лайықты жұмыс табуына септігін тигізетіндігін баса атап өтті.

«Біз Қазақстанның 2030 жылға қарай инклюзивті білім алумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесін 70 пайызға жеткізу ниетіне толықтай қолдау көрсетеміз», - деді о.Алтангерел.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе