Өңірлік даму министрлігі ықшам мектептер проблемасын шешу ісіне араласуы тиіс - С.Ахметов

АСТАНА. 29 Өңірлік даму министрлігі ықшам мектептер проблемасын шешу ісіне араласуы тиіс. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай деді.Ықшам мектептер проблемасын шешу мәселесі күн тәртібінде тұрғандығын баса айтқан Үкімет басшысы: «Ресурстық орталықтар құру мәселесі маңызды бағыт. Дегенмен ресурстық орталықтарда ықшам мектептердің балаларын оқыту үшін жағдай болуы тиіс. Бұл жұмыстарға өңірлерді дамыту бағдарламасының ауылдық аумақтарды қолдау бойынша жаңа бөлігі аясында Өңірлік даму министрлігі араласуы тиіс»,- деді.

Сонымен қатар С.Ахметов бүгінгі отырыста таныстырылған 2014-2016 жылдарға арналған ҚР білім және ғылым саласының даму басымдықтары бағыттарын қолдайтындығын баса айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе