Білім және ғылым министрлігінің ұжымына жаңа вице-министр таныстырылды

АСТАНА.   Қарашаның  16-сы.  ҚазАқпарат /Қаламқас  Әбуова/ -   Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппарат  кеңесінде    ведомство  басшысы Жансейіт Түймебаев  ұжымға  жаңа вице-министр  Махметқали  Сарыбековты  таныстырды.М.Сарыбеков - педагогика  ғылымдарының  докторы, профессор.   Жаңа  қызметке тағайындалғанға дейін   ол   Тараз  мемлекеттік  педагогикалық институтының  ректоры  болған.

Естеріңізге  сала  кетейік,      бұған  дейін  вице-министр болған   Күләш  Шәмшитдитова  «Өркен» акционерлік  қоғамының басқарма төрайымы болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе