Кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының 80 пайызға жуығында материалдық база өткен ғасыр деңгейінде - М. Бақтиярұлы

Елімізде жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің 40  пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба туралы келісімді талқылау барысында депутат Мұрат Бақтиярұлы осындай мәселені көтерді.«Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2017 жылдан бастап кәсіптік -техникалық білім беру тегін жүргізілетін болады. Қазір еліміздегі 811колледжде 108 мамандық бойынша білім беріледі. Бір қарағанда еңбек нарығына шығып жатқан мамандар жеткілікті секілді. Ал шын мәнінде жұмысшыларды даярлау нарық сұранысына мүлдем сәйкес келмейді. Ең бастысы, олардың алған сапасыз білімдерімен жұмысқа орналасу қиын», деді М. Бақтиярұлы.

Сенатордың айтуынша, кәсіптік- техникалық білім беретін оқу орындарының 80 пайызға жуығында материалдық база өткен ғасырдың деңгейінде қалып қойған.

«Сондықтан да, барлық мамандықтарды ревизиядан өткізіп, нарық талабына сай келетіндерді қалдырып, қалғанын қысқарту қажет. Мемлекеттік тапсырыстарды өңірлер сұранысына қарай қажетті мамандықтарға ғана беру керек», деді сенатор.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе