Алдағы жылы балабақша мәселесі толықтай шешіледі - Қызылорда облысы

Бүгінгі таңда Қызылорда облысына 589 мектепке дейін білім беру ұйымы жұмыс жасайды, онда 40491 бала тәрбиеленіп жатыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мекемесінің саны 13,8 пайызға артты, - деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.Сондай-ақ, 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға (2013 ж. - 41,8%, 2014 ж. - 47,7%), 3-6 жастағы балалардың қамтылуы 7,8 пайызға өсті. «Балапан» бағдарламасымен қамту 88,7 пайызға жетті. Жекеменшік балабақшалардың үлесі 54,6 пайызды құрайды.

2015 жылы облыс көлемінде «Балапан» бағдарламасымен 3-6 жастағы балаларды 100 пайыз қамту жоспарланып отыр. Яғни,  бұл мәселе келесі жылы жаңа балабақша құрылыстары,  жекеменшік балабақшалардың санын көбейту, мектеп жанындағы шағын орталықтар мен жұмыс жасап жатқан балабақшалардан қосымша топтар ашу, бұрынғы балабақшаларды қайтару арқылы шешілетін болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе