СҚО-ның үздік педагогы - Бескөл орта мектеп-гимназиясының мұғалімі Күлзия Бабышева

ПЕТРОПАВЛ. 6 Кәсіби мерекенің қарсаңында Қазақстанның 48 үздік мұғалімі «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары атанды, олардың арасында Күлзия Бабышева да бар.Байқау алғашқы рет өткізіліп, енді дәстүрге айналады. Байқаудың аудандық, қалалық, облыстық кезеңдеріне елдің барлық аймақтарынан 4 мың педагог қатысты. Ал республикалық кезеңіне 169 үміткер кірді, олардың ішінде 119-ы - мектеп мұғалімдері, балалардың мектепалды және мектептен тыс мекемелерінің тәрбиешілері және техникалық, кәсіби білім беру жүйесінің 52 қызметкері болды.

Байқау комиссиясының шешімі бойынша «Үздік педагог» атағы 48 мұғалімге берілді. Солтүстік Қазақстан облысының атынан үздік мұғалім атағына Бескөл орта мектеп-гимназиясының орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Күлзия Бабышева ие болды.

Кәсіби мерекенің қарсаңында байқаудың жеңімпаздары сыйлыққа 1000 АЕК (немесе 1 миллион 618 мың теңге) көлеміндегі сыйақы алды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе