Жақсылықты алдымен балаларға жасайық - В.Дружинин, облыстық мәслихаттың депутаты, БҚО

ОРАЛ. 14 Жақсылықты алдымен балаларға жасайық, өйткені олар - елдің болашағы. Бұл туралы «Жайықмұнай» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихат депутаты Вячеслав Дружинин мәлім етті.Ол - еліміздегі үздік білім меценаттарының бірі. Таяуда ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру саласындағы еліміздің меценаттарын марапаттаған болатын. «Білім меценаты - 2012» салтанатты жиыны Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залының  үлкен сахнасында өтті. Үздік деп танылған 34 меценаттың есімі «Меценаттықтың алтын кітабына» жазылды. Солардың қатарында Вячеслав Дружинин де бар.

Бұл байқау үстіміздегі жылдың мау­сым айында басталды. Байқауға үміткерлерді жергілікті атқару органдары, қарапайым азаматтар, журналистер, студенттер, оқушылар, интернет-қауым­дастық өкілдері ұсынды. Сөйтіп, байқауға 50-ден астам меценат қатысты. Бүгінде елімізде меценаттардың қайы­рымдылық қаражатына жаңа мектептер мен балабақшалар, демалыс лагерьлері мен спорт­ залдары салынып, аз қамтылған отбасының балаларына материалдық жағынан қолдау көрсетілуде. Ана-ана­ның қамқорлығынсыз қалған балалар мен аз қамтылған отбасылардың талапты жастарының жоғары және орта оқу орындарында білім алулары үшін де арнайы білім гранттары бөлініп отыр. Қоғамдағы жомарт жандардың қатысымен көптеген қайырымдылық акциялары өткізіліп жүр. Осындай жүрегі жылы, қайырымды меценаттардың 34-і байқау қорытындылары бойынша түрлі аталымдар бойынша марапатталды.

«Жайықмұнай» ЖШС-ның бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Вячеслав Михайлович Дружинин байқау бойынша меценаттықтың қола медалін иеленді. Ол басқаратын «Жайықмұнай» ЖШС компаниясы жыл сайын облыстың білім саласының дамуына 30-40 миллион теңге, қоғамның әлеуметтік мұқ­­таж­ды­ғына 25-30 миллион теңге жұмсай­ды. Жыл сайын кәсіпорын облыстың мектептері мен балалар мекемелерін, жоғары және орта білім беру орындарын қолдау мақсатында спорттық және мәдени-көпшілік шараларды өткі­зуге қаржы бөледі. Компания өз жұмы­сын бастағаннан бергі уақыт ішінде қазақ­стандық мамандарды оқытуға 7 мил­лион доллардан астам инвестиция жұмсады. Қазіргі таңда компанияның қаражаты есебінен 20-дан астам адам Қазақстан, Ресей және басқа елдердің жоғары оқу орындарында білім алуда.

«Біздің бұл бағыттағы демеушілік жұмыстарымыз алдағы уақытта да жалғасатын болады», деді В.Дружинин.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе