Сенатор: ЖОО-ларда су шаруашылығы мамандықтарының гранттарын арттыру керек

– ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайрат Қожамжаров жоғары оқу орындарында су шаруашылығы мамандықтары мен оған бөлінетін гранттарды арттыруды ұсынды, деп тілшісі.

«Қазіргі таңда су шаруашылығы жобалық, құрылыс және эксплуатациялық жұмыстарды жүргізе алатын инженерлерге қатты мұқтаж. Жерасты суларын да барлап, зерттей алатын гидрогеологтар тапшы», - деді Қайрат Қожамжаров су қауіпсіздігі мәселесі талқыланған отырыста. Сенатордың айтуына қарағанда, су шаруашылығы саласындағы кадрларды даярлау мәселесімен еліміздегі 3 ЖОО бар-жоғы 3 мамандық бойынша айналысып жатыр. «Өткір қажеттілікті ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарында су шаруашылығы мамандықтары мен оған бөлінетін гранттарды арттыру керек. Бұл жерде «Болашақ» бағдарламасының квотасын пайдаланған абзал», - деді ол. Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Қожамжаров әлемде 68 мемлекет су дефицитін бастан кешіріп отырғанын, соның ішінде Қазақстан да барын атап өткен еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе