Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының депозитарийі ашылады

АЛМАТЫ. 14 Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында  Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының атсалысуымен ұйымдастырылған депозитарийдің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз қызметі.Оның мақсаты - ұлысаралық және конфессияаралық қатынастар саласы бойынша  қазақстандық авторлардың  ғылыми еңбектері мен зерттеулерінің қорын қалыптастыру және насихаттау болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы­ - Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея 1995 жылы 1 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды.

Ассамблеяның қызметі ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің, қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына ықпал етуге, Қазақстан аумағында тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің достық қарым-қатынастарын нығайтуға мүмкіндік беретін мемлекетттік саясатты жүргізу жөніндегі ұсыныстарды жасауға бағытталған.

Депозитарийді  құру  - Алматы  қаласының  Қазақстан  халқы Ассамблеясы жанында жұмыс істейтін және  ҚР Білім және ғылым министрлігінің Философия, саясатттану  және дінтану институтында орналасқан ғылыми-сараптама тобының идеясы.  Топ мүшелері ғылыми және білім беру ұйымдарының ғалымдары - саясаттанушылар,  әлеуметтанушылар сондай-ақ, Алматы қаласының этномәдени бірлестігінің басшылары болып табылады

Ұлтаралық қатынастар жөніндегі ғылыми еңбектер мен басқа да құжаттарды  бір жерде шоғырландыру туралы ұсынысты қолдап, оқырман аудиториясын кеңейту мақсатында  ҚР Ұлттық кітапханасының  әкімшілігі «Қазақстан кітаптары» бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының депозитарийін ашуға шешім қабылдады.    

Депозитарий  Қазақстан  Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы әдебиеттер мен Алматы қаласындағы Қазақстан  халқы Ассамблеясының материалдарының тұрақты  ашық қор көрмесін ұсынады. 

Депозитарий қоры бес бөлімнен тұрады: этностардың тарихы, халықтардың  мәдениеті мен өнері, ұлысаралық қатынастар, көркем әдебиеттер, Қазақстан этносы баспа беттерінде.Көрме Қазақстан аумағындағы көпұлтты халықтардың тарихы мен қазіргі өмірі, этностардың қоныс аудару үдерісі, оларды жергілікті жерлерге орналастыру, рухани мәдениетінің дамуы, салт-дәстүрлері, өнері туралы материалдары, сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы еңбектерді қамтиды.  Көрмеде Г.Бельгер, И.Шухов, И.Щеголихин, Н.Цой, А.Янушкевич және т.б. белгілі қазақстандық жазушылардың шығармалары ұсынылған.

Депозитарийдің ашылуына Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарлары, Бостандық  ауданы  әкімдігінің тіл дамыту, ішкі саясат, жастар саясатын дамыту басқармаларының, ҚР Философия, саясаттану және дінтану институтының өкілдері,  республикалық және Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің басшылары, ЖОО студенттері, БАҚ және т.б. шақырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе